
Жаңалықтар
Атыраулық азаматтан 362 келі бекіре балығы тәркіленді
Атыраулық полицейлер тұрғыннан 362 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды atr.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Республика көлемінде өтіп жатқан “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ОПД криминалдық полиция басқармасының мамандары маркасы Ваз-2114 автокөлігін тоқтатып, тексерген. Нәтижесінде көліктің жүк салғышынан 20 дана және тұрғын үйінің гаражынан 84 дана бекіре тұқымдас балығы табылған.
– 28 жастағы күдіктіден барлығы 104 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, салмағы 362 келіні құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.