Маңызды! Түлектерге мемлекеттік грант иеленудің жаңа мүмкіндігі берілді

ae4d04eeddcf4c8742fd67174fe5e856 Білім

«Мемлекеттік грант иелену үшін шәкіртке ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыруына мүмкіндік беріледі» деп хабарлайды Atr.kz

Яғни, 15 сәуір – 30 маусым аралығында оқушылар мемлекеттік грантқа екі рет тест тапсыра алады. Және оқушы тест жауабын тестілеу кезінде бірнеше мәрте өзгерте алады. Бұл – әр шәкіртке беріліп отырған мүмкіндік» деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары ​ Айнагүл Дүйсекенова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.

Еске сала кетелік, тест тапсыруға шәкірттерге 4 сағат уақыт беріледі. Нәтиже компьютерден автоматты түрде шығады. Тестілеу​ барлығы 140 сұрақтан тұрады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз