Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық әріптес «Шапағат» медалімен марапатталды

Кәсіби мереке қарсаңында Атырау облысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі мемлекеттік және түрлі салада лайықты бағалануда. Бүгін Ақордада ақпарат саласындағы ұзақ жылдық жемісті еңбегі және биыл көктемгі су тасқыны кезіндегі ерен еңбегі ескеріліп, бір топ әріптестерімен бірге «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Серік Қабдоловқа мемлекет басшысы арнайы Жарлыққа сәйкес «Шапағат» медалін салтанатты жағдайда тапсырды.

Бұған дейін тележурналистика саласында да жемісті еңбек еткен Серік Балтабайұлы былтыр «Ақпарат саласының үздігі» атанған еді. Еңбегі лайықты бағаланып, мемлекеттік марапатқа ие болған әріптесімізді «Атырау» газетінің редакциясы ұжымы да шын жүректен құттықтайды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button