iiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiiii

Атыраулық Арайлым – ӘЛЕМ АРУЫ!

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Индерлік Арайлым Ишахат Мексиканың Канкун қаласында өткен «Miss Virtual World-2019» халықаралық байқауында топ жарды.

Қазақстан атын әлемге танытқан ару Мексикаға виза мәселесіне байланысты марапаттау рәсіміне бара алмаған. Дегенмен, жан-жақтан іріктелген 20 сұлуды артта қалдырып Мисс атанған ол өзінің жүлдесін skype желісі арқылы білді. Арайлымның бұл жетістігі Жастар жылындағы ерекше жаңалықтың бірі болғанын атап өткеніміз жөн. Оның әпкесі Мөлдір Әділқызының айтуынша, Мексикаға бару сіңлісіне оңайға түспеген.

Мәселен, Мәскеуден Токиоға барғанымен, ол жерде де кедергілер болып Мексикаға жете алмаған. Бойжеткенге 36612 қолдаушы табылып, өзінен кейінгі қарсыласынан 2000-ға жуық артық дауыс жинаған. Әлем аруы атанып, тәж иеленген Арайлымға «Porsche» автокөлігінің кілті сыйға тартылса, байқаудың екінші жүлдесі ресейлік, үшінші орын колумбиялық аруға бұйырды.

«Виртуалды әлем аруы» атағына ие болғаныма өте қуаныштымын. Маған жанкүйер болғандарға және байқау ұйымдастырушыларына алғыс айтамын» дейді Арайлым.

Өткен қазан айында 21 жасар Арайлым Ишахат «Қазақстанның Виртуалды аруы» атағын иеленіп, әлемдік додаға жолдама алған еді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған