АвтоХҚО қызметі уақытша тоқтады

aaaamm Жаңалықтар

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау қаласында 26 мамыр күні автоХҚО (АвтоЦОН) жұмыс істемейді. Бұл мамандандырылған ХҚО жұмысын қамтамасыз ететін ҚР IIM-нің ақпарат жүйесінің жұмысындағы ақауға байланысты болып отыр. Қалыпты қызметке қашан оралатынымызды қосымша хабарлаймыз» делінген ресми ақпаратта.

Жүйенің жұмысы 25 мамыр күні істен шыққан. Қазіргі сәтте IIM Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары ақауларды жою бағытында жұмыстар атқарып жатыр.

Жалпы, мамандандырылған ХҚКО-дағы автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру қызметі – Ішкі істер министрлігінің сервистеріне жатады.

Айсәуле СМАҒҰЛОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз