Атырауға 3 вагон қант әкелінді

20180913220121 Жаңалықтар

Бұл туралы баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рүстемов мәлім етті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен «айналым схемасы» арқылы кәсіпкерлік субьектілеріне қарыз берілді. Қазіргі таңда қант «Идеал», «Лидер» әмбебап маркеттері арқылы сатылуда. Аудандарда қант азық-түлік жәрмеңкелері арқылы тұтынушыларға ұсынылуда. Сонымен бірге, 68 тонна қант сатып алу келісімі жасалуда» деп атап өтті спикер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз