Жаңалықтар

Тасқын су тас жолдан өткізілуде

«Атырау–Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 67-68 шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр.

Махамбет ауданы әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиевтің хабарлауынша, қазір «Атырау–Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 67-68 шақырымында “Махамбет” шайханасының тұсында өр суының көп мөлшерде жиналуына байланысты арнайы техникалармен тас жол бойындағы жасақталған бөгет ашылды. Ауыл тұсына жиналған өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілуде.

–Тас жолы бойына 6 арнайы техника жұмылдырылды. Жайық өзені жағалауынан «Атырау-Орал» тас жолының арақашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды. Қазір жағдай тұрақты, ауылдық елдімекендерге қауіп жоқ, – дейді А.Мұқанғалиев.

Айта кету керек, бүгінде Махамбет ауданында су деңгейі – 1020 см, қауіпті деңгей – 850 см.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button