Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін босанды

220124232156496e Жаңалықтар

Атырауда 52 жастағы әйел «Аңсаған сәби» жобасымен тұңғыш сәбиін босанды.

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жүкті әйел сәбиін 19 қаңтарда дүниеге әкелген.

«Бұл жаста өмірге сәби әкелу оңай емес. Біздің пациент бұған дейін көп жыл емделсе де бала көтере алмаған. Содан соң «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінген квотаға сәйкес, ЭКҰ арқылы бала көтерген. Облыстық перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері оған 19 қаңтарда ота жасалды. Өмірге салмағы 3 келі 70 грам, бойы 51 см сәби келді. Бұл – оның тұңғыш сәбиі. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы» деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз