ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Атырауға келді

f984d358 9de9 4bbb ae22 0aa4b5f29a04 Медицина

Алексей Цой Атыраудағы жұмыс сапары аясында Исатай аудандық ауруханасына барды, деп хабарлайды atr.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі 24 мың жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін Исатай аудандық ауруханасында болды. Бүгінде мұнда халықтың 60% коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген, тәулігіне 30-40 адам қауіпті індетке қарсы екпе алады.

f284e4bd 3fb6 4a8c 8ec1 62436faf3943

Алексей Цой аудандық аурухана қызметкерлерімен әңгімелесіп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасымен танысты, сондай-ақ емдеу кабинеттері мен жабдықтарын аралап көрді. 

Айта кетейік, министр Атыраудағы жұмыс сапары аясында Махамбет және Индер аудандарын аралайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз