WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.41 1

Атыраулықтар көптен күткен алаң қашан ашылады? (+ВИДЕО, ФОТО)

ATR.TV Жаңалықтар Шаһар шырайы

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай-Маxамбет алаңы ашылады.

Ашылу салтанаты биылғы жылдың соңына жоспарланған. Бұл туралы «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба құрылысына алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды қолданады.

– Алаңға 50 мың шаршы метрді құрайтын автоматты суару мүмкіндігі бар 2000-ға жуық гүлзарлар орналастырылады, осылайша адам факторы толығымен алынып тасталады. Суару жүйесі компьютермен басқарылатын болады. Сол технологиямен алты бассейн мен субұрқақ жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қаптау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін барлық заманауи материалдар, гранит және мәрмәр қолданылады, – деді «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.42 1
WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.40
WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.41 2
WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.41
WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.42
WhatsApp Image 2019 05 20 at 12.52.43

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған