Жаңалықтар
АТЫРАУЛЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ – ЧЕМПИОН!
Айта кетсек, бұл атыраулық спортшылардың төртжылдықтың басты додасына еншілеген алғашқы жолдамасы болатын. Бұған дейін дзюдодан атыраулық Әнуарбек Сәриев параолимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған еді.
77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруді 155 келіден бастап, 165 келіде аяқтады. Нәтижесінде төртінші орынды қанағат тұтты. Қытайлық Люй Сяоцзюнь 201 келіні үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, жарысты аяқтады. Ал, қазақстандық ауыр атлет алдымен 195 келіні ырқына бағындырып, соңынан 207 келіні басынан асырды.
Нәтижесінде қос жаттығу қорытындысы бойынша 372 келіні көтерген Ниджат Рахимов әлем чемпионы атанды.