Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

АТЫРАУЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАРИЯҒА КӨМЕКТЕСТІ

Атыраулық құтқарушылар үлкен кісіге көмектесті.

20 қаңтар күні сағат 20.22-де Атырау қаласының Абай көшесіндегі пәтердегі есікті өз бетінше аша алмайтын үлкен кісі көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Көршісі құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Шақыру орнына келген құтқарушылар полицияның қатысуымен есікті арнайы құралмен ашып, еденде үлкен кісіні тапты.
Әйел құлап, өздігінен көтеріле алмағанын айтты.

«Көршіге рахмет — уақытында дабыл қақты» дейді ол.

Құтқарушылар зардап шегушіні мұқият көтеріп, төсекке жатқызып, көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырды.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button