АТЫРАУЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Atr.kz/ 8 сәуір, 2019 жыл. Қызылорда қаласында парадзюдодан халықаралық турнир өтіп, 100-ге жуық спортшылардың басын біріктірген бұл дүбірлі бəсекеде Грузия, Румыния, Ресей, БАƏ, АҚШ жəне Қазақстан елдерінің құрама командалары 8 салмақта жүлделерді сарапқа салды.
Халықаралық сандартқа сай ұйымдастырылған осынау ірі турнирге алыс-жақын шет елдерден Əлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы Звиат Гогочули, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александру Болога, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Гиорги Гамджашвили және Қазақстан Паралимпия спорты тарихындағы алғашқы Əлем чемпионы Олжас Оразалыұлы секілді спорт саңлақтары да қатысты.
Жарыс нәтижесінде атыраулық парадзюдошылар бұл сайыста 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Татами төріндегі әр кездесуінде қарсыластарынан оза шауып отырған Азия ойындарының қола жүлдегері Дәулет Теміржан (81 келі) және Ғалымжан Смағұл (90 келі) алтын медаль иегерлері атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан орын алды. Ал, ақтық сындағы белдесулерінде ғана есе жіберген Азия ойындарының командалық сындағы қола жүлдегерлері Әнуар Сариев (60 келі) пен Темірболат Ташекенов (81 келі) күміс жүлдеге ие болып, Ерлан Өтепов (100 келі), Абылай Әділбеков (81 келі) және Амандық Бақтығалиевтер (73 келі) қола медаль еншіледі
Мұратбек ЖАҢАБАЙ