Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық бойжеткен экстремистік жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Атыраулық бойжеткен желіде экстремистік жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 453-бабы, 1-бөлігі бойынша жасы кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Кәмелетке толмаған Ж. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында экстремистік материалдарды, яғни Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған дәстүрлі емес уағызшылар «Ибн Усаймин» және «Ділмұрат Абу Мухамад» діни материалдарының дыбыс жазбаларын жүктеп, осы уағыздарды өзі тыңдаған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сотта кәмелет жасына толмаған Ж. кінәсін толық мойындады. Сотқа қатысқан анасы қызының әрекеті үшін кешірім сұрады. Айта кетелік, сот Ж.-ны жауапкершіліктен босатып, заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелік ықпал ету шарасын қолданды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button