Баспана бағасы тұрақталып келеді

76cc86bc87e620a1363d6278af52c14a XL Жаңалықтар

Қазір нарықтағы жаңа пәтерлердің бағасы тұрақталып келеді. Бір жылда бір шаршы метрі небәрі 5 пайызға (266 мың теңге) көтеріліпті. Сонымен қатар, осы мерзімде көпқабатты үйлердегі пәтерлер келісімшарты 13 пайызға, ал доллар бағамы 11 пайызға өскен.

76cc86bc87e620a1363d6278af52c14a_XL

Статистика комитетінің мәліметінше, еліміздің ірі қалаларында, бастапқы нарықта пәтер бағасы төмендегені байқалады. Бұл, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттік үйлердің жаппай салынып жатуына байланысты.

«Негізгі бағыт төлеу қабілетінің мүмкіндігіне байланысты және жинақ арқылы ипотекалық құралдар арқылы беру жолдарына арналған. Өткен жылдың қазаны мен биылдың қазаны аралығында банктен қарыз алу бойынша үй иелену көрсеткіші 17,2 пайызға өскен (184,6 миллиард теңге). Ипотекалық нарықтың белсенділігі барлық өңірде байқалады» дейді сарапшылар.

Алматы облысында ипотекалық нарық бір жылда 42,5 пайызға, Астана, Атырау және Батыс Қазақстанда 25 пайызға өсті. Салынып жатқан үйлердегі салымшылардың несие кепілі Тұрғын үй құрылыс кепілдігі қоры аясында жүргізіледі. Қордың кепілімен тұтынушы банктен максималды сома 50 миллион теңгені салынып жатқан үйден кепілсіз ала алады. Пәтеріңіздің болуы бұл бағдарламамен үй алуға кедергі келтірмейді.

11 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандық үй салушы ұйымдар көпқабатты үйлерден 59,7 мың жаңа пәтерді пайдалануға берді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 мың пәтерге көп екен. Сонымен қатар, көппәтерлі үйлердің аумағы 1,5 пайызға кішірейген. Демек, эконом санатындағы пәтерлер көбейген деген сөз.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз