
ЖаңалықтарҚоғам
Дзюдодан жастар арасында өткен ел біріншілігі мәреге жетті
Atr.kz/6-наурыз. 2019 жыл. Аталмыш жарыста атыраулық палуандар жалпы командалық есепте екінші орын иеленді.
Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2 наурыз күні басталған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысқан.

Жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. 2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде иеленген Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы үздік үштікті қорытындылады.