Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атыраулық дәрігерлер жаппай жаттығу жасады (+ВИДЕО)

https://www.youtube.com/watch?v=Reo-Pk56CTg

Atr.kz/7 сәуір, 2019 жыл. Атырауда медицина ұйымдарының 2 мыңға жуық қызметкері жаппай жаттығуға қатысты.

Іс-шара 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің барлық медицина ұйымдарында ұйымдастырылды.

Атырау медицина колледжінің студенттері «Здоровье для всех» ұранымен музыка сүйемелдеуімен бірнеше сауықтыру жаттығуларын жасады. Атырау медициналық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Талғат Айдынғалиевтің айтуынша, науқанның негізгі мақсаты – тұрғындардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру.

— Жас ерекшелікке қарамастан салауатты өмір салтын ұстауымыз қажет екенін көрсетуді қаладық. Дұрыс тамақтану және дене шынықтыру денсаулық үшін үлкен көмек болады,- деді Талғат Айдығалиев.

Айта кетейік, бүгін, яғни, 7 сәуір — Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні. Биылғы жылы ол «Здоровье для всех» ұранымен өтеді.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button