ҚАНАТЫМЕН СУ СЕПКЕН ҚАРЛЫҒАШТАЙ…

img 20200728 wa0037 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. …Иә, жақында төтеннен келген ауруға тап болдым. Сол сәтте дертіме шипа іздеп, ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінуіме тура келді. Осылайша, Атырау қаласындағы №2 облыстық ауруханада ем қабылдадым. Ауруханаға түскен күні емделіп жатқан науқастардың жағдайын көріп, үрей пайда болғаны шын. Қасымдағы адамдардың санасын қорқыныш билеген. Әрқайсысы өз ойларымен әуре болып отырды. Бір-бірімен көп сөйлеспейді. Жаратушыдан қолдау сұрап, тілек еткендері белгілі еді.

Осындай сәтте дәрігерлер қарлығаштың қанатымен су сепкендей, қиналғандардың қасынан табылды. Сауығуына қажетті ем-дом шараларын жасап, жандарында бәйек болып жүрді. Медицина қызметкерлерінің бұл еңбегі ерлікке пара-пар. Олар ауа жібермейтін, тұмшаланған киіммен алты сағат бойы мігір таппай жүреді. Осы уақыт аралығында су ішулеріне де рұқсат жоқ. Қиын дегенмен, бұл сақтық шарасы еді.

Еңбектері шынайы құрметке лайық медбикелер де әрбір науқасқа мейірімін төгіп, еңсемізді тіктеді, бойымызға қуат берді. Сараптама нәтижесін де бізбен бірге уайымдап, тағатсыздана күт т і . Мұндай қолдау еңсесі езілген науқастарға үлкен жігер бергені анық. Тіпті, кейбір науқастарды қосалқы ауруы бар екендігіне қарамастан жаман аурудан айықтырып, отбасына аман- есен оралуларына мүмкіндік жасады. Бұл біздің медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көрсетеді.

А у р у х а н а д а ө т к е н соңғы күндері төрт кіші медицина қызметкерінің ауырып қалғанына куә болдым. COVID-19 індетіне шалдыққан науқастарды емдеу барысында кез келген ақ халаттының саулығы, өмірі тікелей қауіпке тігілетініне көзім жетті. Олар күн сайын қауіпті індетпен бетпе- бет келіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жатыр. Осы орайда «біздің қоғамда індетпен күресуші абзал жандардың денсаулықтарын қорғауға қандай жағдай қарастырылған?» деген сауал туындайды. Әрине, ол үшін табиғи өнім (шұбат, қымыз, сүт, айран) мен дәрумендер қажет дер едім. Табиғи өнімдерді пайдалану адам денсаулығын сауықтырып, оларға тың қуат пен күш береді.

Медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын ескерсек, олардың иммунитетіне көңіл бөлу өте маңызды. Бұл туралы аурухана жағдайын өз көзімен көруге келген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке ұсыныс айттым. Аймақ басшысы оны аяқсыз қалдырмай, келесі күні Атырау қаласы мен аудан әкімдеріне айтылған мәселені жүзеге асыру туралы хат жолдағаны белгілі болды. Тағы бір жағымды жаңалық, жуықта Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері де бұл ұсынысты қолдап, демеушілердің көмегімен шұбат пен сүтті ауруханаларға ж е т к і з д і . Ә р и н е , б ұ л экономикалық дағдарыс кезінде шаруагерлерге едәуір салмақ түсіреді. Сондықтан, облыс әкімдігі бұл шараның бюджет есебінен жүзеге асырылуын қолға алса жақсы болар еді…

Біз бірінші кезекте, өз- өзімізді сақтау арқылы д ә рі г е р л е р г е а р тылар жүкті азайтамыз. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы тәртіпке бағынып, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануы тиіс. Бұл – уақытша қиындық. Жақын күндері індеттен айығып, қалыпты өмірге қайта оралатынымызға сенімдімін. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал бар. Ендеше, үйден шықпай, карантин талаптарын қатаң ұстанып, өз-өздеріңізді күтіңіздер.

Облыс басшылығы да індеттің бетін қайтару, халықты сақтандыру үшін аянып жатқан жоқ. Ресми, нақты ақпараттар халыққа дер кезінде жеткізілуде. Бұл «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» дегенді көрсетіп тұр. Ең бастысы, әр адам жауапкершілік жүгін сезіне білуі керек. «Індеттен сақтану – міндет» екенін естен шығармайық, ағайын!

Альфия ӘДИЕВА,

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, қоғам белсендісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз