Атырауға жуық арада қосымша 15 санитарлық автокөлік келеді
Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі қызмет көрсетуде.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.
— Қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизинг бойынша 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, өзіміз де жуық арада тағы 15 көлік алуды жоспарлап отырмыз. Бұнымен мәселе толық шешімін табады деген сөз емес. Әлі де көптеген жұмыстар атқарылады, — деді облыс әкімі.
Қазіргі уақытта өңірде емханалар жанынан 61 мобилді бригада жасақталған. Үйдегі COVID-19 инфекциясының симптомсыз және жеңіл түрімен ауырған науқастарға амбулаторлы ем жүргізілуде.
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»