«ӨНЕРПАЗДЫҢ» ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Атыраудағы «Өнерпаз» ЖШС бүгінде арнайы тапсырыстармен мектеп оқушылары киетін киімдерді тігуде. 
- Мәселен, қыздардың қара немесе қою көк түсті белдемшесі мен жейделері он бір-он бес мың теңгенің аралығында болады, - дейді осы салада 33 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан киім пішуші Қапиза Мекебаева. Оның сөзіне қарағанда, биылдың өзінде мектеп формаларына деген сұраныс жоғары.

Ал, серіктестіктің коммерциялық директоры Галина Дубникова «Мектепке жол» акциясына орай Еркінқала ауылы мен Атырау қаласының – барлығы бес оқушының киім-кешегі мен оқу құралдарын түгендеп беріп жатқандарын айтады. 

Лиза СЕЙТІМОВА.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз