Жарнама
Жаңалықтар

Атырауға қызылқоғалық еріктілер келді

Атырау қаласына Жайық бойындағы жағалауды бекітуге қызылқоғалық еріктілер келді.
Аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жәния Ізбасқанова, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов және аудандық мәслихат депутаты Есенбай Нұровтың ұйымдастыруымен Атырауға ат басын тіреген бір топ ерікті Томарлы ауылы тұсынан бастап Береке ауылына дейінгі Самар беттегі аралықта бөгет соғу жұмысына кірісті.


– Кеше аудан орталығында миялылықтарды Атырау қаласына су тасқынына қарсы күресте қол күшімен көмек беруге шақырған едік. Олар сөзге келместен жұдырықтай жұмылуға дайындығын айтты. Бүгіннен бастап облыстық мәслихаттың депутаты Қайырбек Баймұратов бастаған еріктілер атыраулықтарға қол ұшын созып жатыр. Бұған дейін Миялы ауылында ұйымшылдықпен тасқынға тосқауыл бола білген қызылқоғалықтар күш біріктіруден ешқашан тартынған емес. Бүгінде «Әр қазақ – жалғызым», «Күш – бірлікте» деген ұранмен Атырау қаласындағы қауіп-қатердің алдын алуға белсене кірісті, — дейді Есенбай Нұров.


Айта кету керек, бұған дейін Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ризабек Амантай бастаған еріктілер Атырау қаласында Жайық жағалауын бекітуге атсалысып жатқан болатын.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button