Атырауда іздеу салынған адамның мүрдесі табылды

Алтыншы ақпаннан бері іздеу жарияланған Наурыз Айтекешовтің мүрдесі табылды.

«2021 жылдың 6 ақпанында үйінен белгісіз бағытқа шығып оралмай іздеу жарияланған Наурыз Айтекешовтың мүрдесі 17 сәуір күні сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тас жолы бойында Талқайраң елдімекеніне қарасты шаруа қожалығының контейнерінің ішінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты көрінген жоқ. Мүрде сараптамаға тапсырылды» делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

20210419 113410
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз