Журналистер арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті

d461f6d2 8ef9 47ea 8872 9402712a6671 Жаңалықтар

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған іс-шара «Қазақша Quiz» интеллектуалды кешіне жалғасты. БАҚ өкілдерінің күнделікті тіршіліктен демалып, қызықты ортада ой жарыстыруға арналған ойынына 17 команда қатысты.

Шараға қатысушыларды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова кəсіби мерекемен құттықтап, қазіргідей технология өрістеген замандағы баспасөздің маңызына тоқталды. Əлеуметтік желіні қолданушылар саны артқанымен, ақпарат құралдарының қоғамдағы ролі жоғары екенін атап көрсетті.

Қатысушылар əр тур сайын тест, суретті, күрделі жəне тақырыпты, медиа сұрақтарға жауап берді. Ойынның нəтижесінде ақын журналистерден құралған құрама 19 ұпаймен жеңімпаз атанса, журналист-операторлардан құралған команда 15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Үшінші орын 15 ұпайға қол жеткізген журналистер мен баспагерлерден құралған командаға бұйырды.

Бұл ойынға қатысқан командалардың арасында креативті атау қойып, көзге түскендері де болды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз