Пандемия: Махамбет Досмұхамбетов Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды

3 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Бүгін «Геолог емханасына» барып, коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Дәрігерлеріміз алдымен тіркеуден өткізіп, дене қызуым мен қан қысымымды өлшеуден бастап толық медициналық тексеру жасады. Одан кейін ғана Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдырттым. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді. Бүгін жексенбі екеніне қарамастан, емханаға вакцина алушылар келіп жатқанын көрдім. Дәрігерлер халықтың жас-кәрі демей вакцина алуға деген белсенділігі жақсы екенін айтып отыр.

Жақындарымыз бен айналамыздағыларды қорғау да, өздеріңіздің қорғануларыңыз үшін де — коронавирусқа қарсы вакцина алу өте маңызды» деп жазды облыс әкімі.

3 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз