Жарнама
Жаңалықтар

Атырауға 12 елден гидролог-ғалым келді

Олар “Каспий тынысы” халықаралық ғылыми конференциясында тың жобаларды талқылап жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Конференция Атырау мұнай және газ университетінің 65 жылдығына орайластырылған. Мақсаты – Каспий теңізімен шектесетін БҰҰ-на мүше елдердің экожүйелеріне, тұрақты экономикалық өркендеуіне қол жеткізу.

–Жаһандық өзгерістерге байланысты дүниежүзіндегі көлдерде судың тартылуы, балық ресурстарының азаюы, ластану сияқты көптеген проблемалар туындауда. Бұл мәселе Каспий теңізі аймағында да бар, сондықтан өзге елдің шешудегі тәжірибе алмасып, ортақ шешімдер қабылдамақпыз. Ертең ғалымдар мен сарапшылар Жайық өзеніне экскурсия жасайды. Бұндай жобаның жастарға да, өңірге де берер пайдасы мол, — деді С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Г.Шакуликова.

Осы тақырыптағы конференция былтыр Қытайдағы Поян көлінде өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button