Атыраудың саябақтарында қоқыс шашып жүрген кім?
Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Жағаны ластаушы табылды. Осыдан үш күн бұрын мен Балықшыдағы «Отбасы» паркінде белгісіз біреулер қоқыс тастап кеткені бейнежазбаға түскен болатын…
Атап айтқанда біреу ішкен сыраларының қалайысын және пакетін шошқаша шашып кеткен еді. Кейін осы факті бойынша полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндік. Біз пакеттегі тауар белгісі арқылы алкоголді өнім сатылған алкомаркетке барып бейне жазбаларды қайтадан көрдік. Осы аралықта «дәлелдемелерден» саусақ іздері алынған болатын.
Ал бейнежазбада азаматтың бет-әлпетін тану мүмкін болмағандықтан «Сергек» камералары арқылы, уақыт бойынша оның автокөлігі қозғалысы мен иесін анықтау мүмкін болды. Азамат ұсталып өзінің кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады. Азаматтық кодекстің 434 бабы, 2 бөліміне сай «Қоғамдық орынды ластағаны үшін» жауапқа тартылды. Оның аты жөнін жариялап, масқара қылуды сұраған жазбалар көп болды.
Біз өркениетті елде тұрамыз. Және заңға бағынамыз. 143 бапта көрсетілгендей мәжбүрлеп тұлғаның келісімінсіз ол туралы ақпаратты жариялауға болмайды. Жағаны ластаушы Балықшының тұрғыны болып шықты. Бұл жағдай барлығымызға сабақ болуы тиіс. Кез келген заңбұзушылықтың жазасы бар. Судың да сұрауы бар…
(Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды)