Атырау: өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус індеті анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан...

19  желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте Атырау облысында  112  адам коронавирустан емделіп шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


   Қазіргі уақытта 249 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  78 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 13,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 321 адам ем қабылдауда.


Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
   Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 65 жұмысшыдан,  Индерде -1, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.


 Айта кетейік, облыс бойынша жасақталған 1225 орындық инфекциялық стационардың 412-сінде науқастар ем алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз