Атыраудың орталық көпірі қашан жөнделеді?
Atr.kz/4 наурыз, 2020 жыл. «Кейбір ақпарат құралдарында «Атыраудағы өзен жағалауын бекіту жұмыстары сот шешімімен тоқтатылды» деген хабар тарады.
Оның шындыққа жанаспайтынын баяндаймын. Тоқтатылғаны – жұмыстың бір бөлігі ғана» деді өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.
О н ы ң а й т у ы н ш а , қазір демалыс орнының құрылысы жүруде. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тұсындағы Жастар саябағы да салына бастады. Бұл жобадағы басты
ерекшелік, қаланы биіктен тамашалауға мүмкіндік беретін шолу дөңгелегі болмайды.
Өзен үстіне жүзбелі сушашу орнату мәселесі де шешілмеуде. Атыраудағы орталық көпір тіреуі жылжып кетуіне байланысты біраз күн жабық тұрды. Кейін ашылғанымен, кептеліс туғызбауы үшін қажетті шаралар жасақталды. Жүк көлікт е р і н і ң жүруіне тыйым салынып, көпірдегі жылдамдықты 40 шақырымнан асырмау туралы талап қойылды. Мұның бәрі уақытша екені даусыз. Сондықтан, атыраулықтарды «көпір күрделі жөнделе ме, әлде қайтадан салына ма?» деген сауал мазалайды.
–1965 жылы салынған, кейін бір рет күрделі жөнделген орталық көпір қаланың инфрақұрылымында ерекше маңызға ие. Қазір нысанды пайдалануға ешқандай қауіп жоқ. Мамандардың ұсынысымен қ о с ы м ш а ш а р а л а р жасақталды. Дегенмен, оны күрделі жөндеуден өткізу қажет пе, немесе жаңадан салған жөн бе? Бұл сауалға техникалық зерделеу жұмыстарын атқарған соң жауап беруге болады, — деді Мәлік Аманов.
Азамат БАЗАРБАЕВ