Атыраудың бірнеше шағын ауданында 5 күн ыстық су болмайды

7795fece512ecf7c20276c940a591a82 Жаңалықтар

5 маусымнан бастап Атырау қаласының бірнеше шағын ауданында ыстық су беру 5 күнге тоқтатылды.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында күрделі жөндеудің жоспарлы кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты кейбір мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады», делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Атырау қаласындағы үш жылу беру пунктінде тексеру жүргізіледі. Сол себептен, СМП-136 шағын ауданындағы 9, Вокзал маңы-5 шағын ауданында 29, М.Баймұханов көшесінде 18, Берғалиев көшесінде орналасқан 5, Огородная көшесіндегі 16 тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз