Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атыраудың бас санитары интернетті шулатқан видеоға түсінік берді (+ ВИДЕО)

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Интернет желісінде тарап жатқан Теңіз кенішіндегі видеоға байланысты Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мусағалиев түсінік берді.

«Күні кеше Теңіз кенішінен инфекция анықталды. Яғни, 50 жастағы қызметкер әйел адамнан алынған сынаманың расталғаны туралы ресми ақпарат берілді. Қазіргі таңда ол әйел Атыраудағы инфекциондық стационарда ем алып жатыр.

Онымен тығыз байланыста болған 9 адамнан қатерлі індетті анықтайтын тест алынды. Нәтижесі ол адамдардың вирусты жұқтырмағанын көрсетті.

Интернетте жарияланған видеоны науқаспен қарым-қатынаста болған әйел адамдар түсірген. Оларда коронавирус анықталған жоқ. Соған қарамастан ол адамдар санитарлық талаптарды бұзып жатыр. Яғни, ол адамдардың оқшаулану изоляторларын тастап шығып, дәрігерлердің нұсқаулығына бағынбау фактісі расталып отыр.

Жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз» деді Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мусағалиев.

http://atr.kz/bez-rubriki/barly%d2%93y-42-atyrauda-ta%d2%93y-%d2%afsh-adam-koronavirus-indetimen-tirkeldi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button