Наурызда қосымша пойыздар жолға шығады

скачанные файлы Жаңалықтар

Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында сұраныс артып отырған бағыттарға қосымша пойыздар жолға шығады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

скачанные файлы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сұраныстың артуына байланысты мына бағыттар бойынша қосымша пойыздар қосылады:

– № 154/153 Астана – Алматы бағыты бойынша, Астанадан 18 наурызда шығып, 19 наурызда Алматыда болады, пойыз бір бағытта жүреді;

– № 157/158 Алматы-2 – Астана бағыты бойынша, Алматыдан 18 наурызда шығып, 19 наурызда Астанада болады, бір рейс;

– № 160/159 Алматы – Павлодар бағыты бойынша, 19 наурызда Алматыдан шығып, 21 наурызда Павлодарда болады, пойыз бір бағытқа жүреді;

– № 155/156 Алматы-2 – Арыс-1 17 наурызда Алматыдан шығып, 18 наурызда Арыста болады, пойыз бір бағытта жүреді.

 Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Нәрбота Мейрамбекқызы

    Жақсы болған екен. Мерекелерде студенттер, қалада жұмыс жасап жүрген ауыл адамдары үйлерінде болып, аунап-қунап қайтқысы келеді.