
ЖаңалықтарҚоғам
Атыраудан Шымкентке – ұшақпен!
Atr.kz/28 ақпан, 2020 жыл. Наурыздан бастап атыраулықтар Шымкентке әуе қатынасы арқылы тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады.
QAZAQ AIR әуе компаниясы Шымкент – Атырау және Атырау – Шымкент әуе рейсін іске қосады. Аталмыш рейc De Havilland Dash-8-Q400NG ұшағымен орындалады. Ұшу билетінің ең төменгі құны 28 116 теңгені құрап, 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ұшақ бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласынан сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 16.20-да әуеге көтеріледі. Ал, Атырау қаласынан сәрсенбі және жұма күндері 13.30-да ұшады.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ