Атыраудан күзгі мерзімді әскери қызметке 300-ге жуық жас жіберіледі

img 2373 Жаңалықтар

Күзгі мерзімді шақырту кезінде Атырау қаласынан 300-ге жуық сарбаз әскерге жіберіледі.

Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Құрманәлі Жүнісбековтың айтуынша, күзгі әскерге шақыру мерзімі басталғалы бері 209 жас Отан алдындағы әскери борышын өтеуге жіберілді. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Астана, Ақтау қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарына кетті.

«Шекара қызметіне – 55, Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 103, ҚР мемлекеттік күзет қызметіне – 5, Ұлттық ұланға – 32, ал ТЖ – 14 жас жіберілді. Жалпы алғанда  285 жас әскерге жіберілуі тиіс. Әскерге шақырылушылардың көпшілігі денсаулығына байланысты тексеру комиссиясынан өте алмай қалады. Көздері нашар көретіндер, сколиоз және дене салмағы аз жастардың қатары көп. Былтыр көктемгі және күзгі әскери шақыру кезінде жалпы 600-ге жуық азамат жіберілді», – дейді Құрманәлі Жүнісбеков.

Биылдан бастап сарбаздар туып-өскен жерінде әскери борышын өтей алатынын еске саламыз. Мәселен, биыл көктемде 55 жергілікті жас Атырау гарнизоны ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қабылданды.

Айта кетейік, әскерге күзгі шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Эльмира Мықтыбаева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз