
Атыраудағы жауынгерлік фестивальді 10 мың тұрғын тамашалады (+ФОТО)
Аtr.kz/27 мамыр, 2019 жыл. Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады. Ауқымды спорттық шара енді дәстүрлі түрде өтуді уәде етті.
Сенбіде Сұлтан Бейбарыс алаңына бірнеше сағат бойы шамамен 20 жекпе-жек өкілдері жиналды. Үлкен спорттық додаға айналды. Жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары — Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы.
Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары: каратэ, муайтай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джиу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті.
— 10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты — облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, әсіресе Атырау облысында бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз, — деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.
Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды. Соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.






Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.