Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраудағы «Жастар саябағынан» тараған видеоға түсінік берілді

Атырауда «Жастар саябағында» қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Әлеуметтік желілерде, интернет пабликтерде Атырау қаласындағы ​ «Жастар саябағында» жүргізіліп жатқан қазу жұмыстары түсірілген видео тарады. Бұл жұмыстарды мердігер компания атқарып жатыр» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

​ «Батыс Альянс Строй» мердігер компаниясы ​ қалалық қысымды канализация стансасына дренаж жүйесін іске қосу мақсатында қазу жұмыстарын атқаруда.

Бұл жүйе бастапқыда жобада қарастырылмаған. Десе де, аталған жұмыстар субұрқақтардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өйткені, саябақ территориясындағы субұрқақ кешенінің суы бөлек қалалық жүйеге ағызылуы тиіс» делінген ​ «Батыс Альянс Строй» мердігер компаниясы​ берген түсінікте.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button