Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысы қайта жандануда

a35f49e39e7e54ff75ba57e76d7cc3ec Жаңалықтар

Аtr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің 50 пайыздан астамы қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Бас санитарлық дәрігердің 11 мамырдағы қаулысына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО жұмысына рұқсат етілген, алайда олардың жұмысын қайта жандандыруда бірқатар қиындықтар туындады.

– Нақтырақ айтсақ, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары кызметкерлерінің 50 %-дан астамы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылған. 

Қазіргі уақытта олардың көпшілігі аудандарда. Қызметкерлерді қайтадан жұмылдыру үшін біраз уақыт қажет, деп түсіндірді шұғыл штаб.

Осылайша, халыққа қызмет көрсету ортальқтарының ресми ашылуы 18 мамырда болады деп күтілуде. Сонымен қатар, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін келушілердің күтілетін ағынына байланысты Орталықтың техникалық базасын жаңарту қажеттілігі де туындап отыр.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірлерінде ХҚКО-ның 25 қызметі онлайн-форматқа ауыстырылды, осыған сәйкес, қызметкерлер қашықтан жұмыс әдісіне көшеді немесе басқа бағыттар бойынша жұмыстарын жалғастырады.

http://atr.kz/bez-rubriki/zheke-kolikke-ruqsat-berildi-atyrauda-zhenildetilgen-karantin-talaptary-zhariяlandy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз