Жарнама
ҚұқықЖаңалықтар

Атыраудағы үш супермаркетте заң бұзушылық анықталды

Атырау облысындағы супермаркеттер бір тауарды әртүрлі бағада саудалаған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бірқатар супермаркеттердің іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Белгілі болғандай, бір сауда желісіне жататын супермаркеттерде бір тауарға, атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдеріне, күнбағыс майына, макарон өнімдеріне және қарақұмық жармасына әртүрлі бағалар қолданылған.

Бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасына қайшы келеді. Үш сауда желісінің супермаркеттерінде бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты, департамент нарық субъектісінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламалар шығарды. Ол нарық субъектілері қабылдаған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуы қажет.

Жолдас ҚАЙДАРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button