Атырауда жаңа туған сәбиді аязға тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды

kogda zhenshhina plachet Жаңалықтар

Atr.kz/21 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда жаңа туған сәбиді аязды күні далаға тастап кеткен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты.

Бүгін полицейлер Атырауда жасырын босанып, нәрестені далаға тастап кеткен әйелдің кім екенін анықтап, ұстады.

Полицейлер ұсталған келіншектің 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екенін хабарлады.

«Мой ГОРОД» сайтының хабарлауынша, бойжеткен босанғанын жасыру үшін Атырауға келген секілді. Нәресте үйде туған, содан кейін анасы оны далаға алып шыққан.

Еске сала кетелік, сұмдық оқиға 15 қаңтар күні таңертең болды. Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданында қала тұрғыны жаңа туған баланы тауып алған. Әп-сәтте  сәбиді үйіне апарған кейуана жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.  Кейінірек нәрестенің далада қатты тоңып қалғаны белгілі болды.

Атыраулық  дәрігерлер бірнеше күн бойы сәбиді аман сақтап қалу үшін күресті.

Кейінірек сол күні туған күні болған Атырау ауруханасының реаниматолог дәрігері Ғалым Ембергенов сәбиге Ұлдана деп атқа қойғаны белгілі болды.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-k%D3%99riz-%D2%9B%D2%B1byry-ma%D2%A3ynan-n%D3%99reste-tabyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз