ҚАЗЫНА КІРІСТЕН ҚҰРАЛАДЫ

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық, кеден және әкімшілік заңнамаларындағы өзгерістерге байланысты түсінік беру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

 

Шараны Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жанболат Тілеулес кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Оның қажеттілігі мен маңыздылығы жайында Атырау облысы кәсіпкерлер және жұмыс берушілер Одағының төрайымы Әлия Бекқожиева әңгімелеп, семинар-кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

Күн тәртібінде бекітілгеніндей, басқосуда салық, кеден және әкімшілік заңнамалардың қолданылуы, оларға енгізілген өзгерістер төңірегіндегі өзекті мәселелерді арқау еткен тақырыптар қамтылды. Бұл ретте, бірінші кезекте салық төлеушінің тіркелуіндегі, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне, әкімшілік заңнамаларға енгізілген өзгерістерге орай әңгіме өрбітілді. Одан кейін, соңғы кездері кеңінен қолданылып жүрген электронды шот-фактуралардың артықшылықтарына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату үрдісін жеңілдету жолдарына, мүлікті жария ету, POS-терминалдар мен кассалық-бақылау машиналарын мәліметтерді онлайн-режимінде беру тәсілімен қолдану жайына назар аударылды.

Семинар-кеңесте қамтылған тақырыптардың түйінін тарқатқан департамент мамандары шараға қатысушы әріптестерімен өзара пікір алмасып, қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды.

Дәулетқали АРУЕВ.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз