Ұйықтайтын орынға айналған автобус анықталды

191125082500397e Жаңалықтар

Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қ. Үмбетқалиевтің бұйрығына сәйкес, өңірде «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтуде.

4 желтоқсан күні қаладағы «Береке» ықшам ауданында патрульдік полиция қызметкерлері «Vanffool»маркалы автобусын тоқтатты. Атырау-Шымкент маршрутындағы автобус салонын тексеру кезінде жүргізушілері көлік құралын  «дөңгелектері бар қонақ үйге» айналдырғаны анықталды. Салон ішінде жолаушы креслоларының орнына  қаптаған екі қабатты кереуеттер (барлығы 28 дана) орнатылған, онда ұйықтап жатқан 17 жолаушы анықталды. Тексеру барысында автобустың екі жүргізушісі де Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының айтуынша автобус Шымкент қаласына бағыт алған.

Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5,7 және 8-бөліктері (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2-бөлігі (жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

«Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз