Атыраудағы науқастардың жағдайы қалай?

imgpreview COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл.  Дертке шалдыққан үш  науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы  Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркиядан келген алғашқы науқастың дене қызуы –  38,4 °.  20 жастағы жігіттен аурудың басқа белгілері байқалмайды.

37 жастағы ер адамның жағдайы да қанағаттанарлық, температурасы –  37,2 °, ауру симптомсыз өтуде.

28 жастағы әйелдің денсаулығы қалыпты.  Науқастың дене қызуы – 36,9 °, жөтел, кеуденің ауырсынуы мен  тыныс алуында қиындықтар бар.

Дәрігерлер үш науқастың ауру ағымы орташа дәрежеде өтіп жатқанын хабарлады.

http://atr.kz/bez-rubriki/zhaңa-zhұmys-oryndary-ashylady-2/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз