«AMANAT»  партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары тағайындалды

bisaliev Жаңалықтар

“AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары лауазымына Қуантай Мергенбайұлы Бисалиев тағайындалды.

Ол 1987 жылы 21 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Қуантай Бисалиев  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған.

2008 жылы Атырау облысы Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде іс жүргізуші, 2009-2013 жылдар аралығында “Jas Otan” жастар қанаты Жылыой  аудандық филиалының атқарушы хатшысы болған. 2013-2021 жылдар аралығында Атырау облыстық партия филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы консультанты, меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан қазірге дейін “AMANAT” партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы қызметін атқарып келеді. Партия төрағасының және ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен, ҚР Құрмет грамотасымен  марапатталған.

Н.Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз