Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…

5590dae13f0f79d32883c8cef4c8a964 Жаңалықтар

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығына орай Педагогикалық ғылымдар Академиясы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен заманауи адебиет пен журналистиканы кенінен насихаттау, жас жазушылар мен акындардың шығармашылық әлеуетін кетеру максатында еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыстарды қамтитын ауқымды жобаны жүзеге асыруда.

Мүшәйра барысында шеберлік сыныптары, тренинг өтті.

2020 жылдың 6-қазаны күні, осы аталған жобаның аясында «Мүшәйра» республикалық байқауының Атырау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Атырау облысы бойынша «Мүшәйра» республикалық байқауының өңірлік іріктеу кезеңіне 15 қатысушы тіркеліп, 11 қатысушы өз жұмыстарын әділ қазы мүшелеріне ұсынды.

Әділ қазылар алқасы ұсынылған жумыстарды бекітілген ережеге сай қарастырып, бағалады. Нәтижесінде үш жеңімпаз анықталды: Исламғалиева Шырайлым, Қалижан Еркеназ, Талап Нұрай.

Олардың шығармалары республикалық мүшәйраға ұсынылды. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздарын құттықтай отырып, республикалық сайыста сәттілік тілейміз.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз