Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы футбол алаңдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда

Қаладағы футбол алаңдарын қалыпқа келтіру 2022 жылы басталып, қазіргі таңда жалғасуда. Осы ретте, бүгінгі күні 22 кіші аяқ доп алаңына жөндеу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Жайық-Сити» мердігер мекемесі атқаруда.

Жоспарға сай алаңдардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қоршаулары мен жасанды көгал жабындыларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар, орындық пен қоқыс жәшіктерін орналастыру қарастырылған.

Айта кетейік, қала аумағында тозығы жеткен 48 кіші аяқ доп алаңы бар. Футбол алаңдарына ұзақ мезгіл күтіп ұстау жұмыстарын жүргізілмеуіне байланысты, сонымен қатар қарқынды қолданыс және бұзақылық салдарынан ақаулықтар пайда болған. Осы орайда, тұрғындардан қалада қайтадан қалыпқа келтіріліп жатырған ойын және спорт алаңдарын ұқыпты ұстау сұралады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button