
Атыраудағы Бейбарыс көшесінің бойына 2400 тал егілмек
Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде хабарланғандай, қазір қала бойынша Құрманғазы мен Бейбарыс көшелеріне кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, құрылысшылар жол кеңейту жұмыстарына кедергі келтіретін қураған теректерді кесіп жатыр.
«Ағаштарды аптап ыстықта басқа жерге қайта отырғызудың негізі жоқ. Себебі, олар кеуіп кеткен. Демек, жаңа жерге отырғызуға жарамсыз» дейді мамандар.
Жолдарды кеңейту жұмыстары аясында осы көшеге әр түрінен 2-3 жылдық, биіктігі 1,5-2,5 метр аралығында 2400 терек отырғызылады деп күтілуде. Бәрі де жергілікті бақтардан тамырымен бірге әкелінетін болады. Барлығы сертификатталған.
Бұдан бөлек, жердегі тұздың қышқылдығын анықтау үшін сараптамалық зертханаға топырақтың сынамасы тапсырылған. Сортаң жерде жасыл желек жайқала алмайды.
Жер асты суы жақын орналасқандықтан, жер бетінде тұз көптеп түзілген. Соның салдарынан мұнда тұзға төзімді жыңғыл, тораңғы, қына сынды терек түрлерін отырғызу жоспарлануда.
Аман ШАМАР


Мунау деген акшаны далага шашу баска кошеден кенейтуге болмаспа еди.Айтарга созим жок