Атыраулықтар қала күнін атап өтті

20181006181529 Жаңалықтар

Биыл Атырау қаласының құрылғанына 378 жыл толып отыр. Атаулы датаның құрметіне орай, демалыс күндері мұнайлы мекенде бірқатар шаралар легі ұйымдастырылды.

20181006181529

– Қалалық веложарыстар өткен сайын оған қатысуға ниетті жандар қатары да артып келеді. Атыраулықтармен бірге еліміздің өзге өңірлерінен, сондай-ақ, шет елдерден де ат арытып келушілер көп. Мәселен, бүгін веложарысқа Әзербайжаннан келген турист қатысты. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, АҚШ, Африка елдерін жаяу аралап, 10 мың шақырымды бағындырған, – дейді қалалық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

20181006181445

Сонымен бірге, Сұлтан Бейбарыс алаңында сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Жергілікті шығармашылық ұжымдардың салтанатты кеші де көптің көңілінен шықты. Сол секілді, ұлттық спорт түрлерінен өткен ашық турнир де өз жеңімпаздарын тапты. Ал, облыстық әкімдік алдындағы пирс аумағында байдарка мен каноеде ескек есуден қалалық турнир өтті.

20181006181547

Шара көркін қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы дайындалған торт қыздыра түсті. Оның ұзындығы – 10 метр, ені – 80 сантиметр. «Бүгін Атырау кезекті жасын тойлап жатыр. Шаһар күн санап көркейіп, жаңа сәулетке ие болып келеді. Қазір облыс орталығында көптеген жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сол арқылы қаламыздың сәні кіріп, таза, қолайлы болып келеді. Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін, – деді қала әкімі Алимұхаммед Кұттұмұрат-ұлы.

20181006181538

Мереке күні Нұрсая ықшамауданында 800 орындық жабық аквапарк пайдалануға берілді. Жаңа ойын-сауық орны заманауи стандарттарға толықтай жауап береді. Айта кетейік, мұнда әр ауысымда 18 құтқарушы кезекшілікпен қызмет атқарады.

 

Аман ШАМАР

(Суреттер ғаламтор желісінен алынды)

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз