Атырауда Азаттық даңғылынан 250-ге жуық тал кесіледі

346050358 1619225138598826 5923741194759076119 n Жаңалықтар

«Атырауинжстрой» ЖШС Азаттық даңғылын қайта құру барысында кесілетін ағаштардың орнына өтемдік ағаш отырғызуды қолға алды. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес 249 ағашты кесу қарастырылған.

«Қала тұрғындары үшін әрбір ағаштың маңыздылығын түсіне отырып, көшелерді кеңейту жобаларын жүзеге асырғанда мүмкіндігінше көп ағашты сақтап қалуға тырысамыз. Сондықтан, тапсырыс берушімен бірге құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақ жан-жақты зерделенді, 66 ағашты кесіп, 15 ағашты көшіру туралы шешім қабылданды.

Тапсырыс берушінің қолдауымен біз мүмкіндігінше көбірек ағашты көшіруді жоспарладық, алайда бұл аумақтағы қолданыстағы желілерге иелік ететін коммуналдық мекемелер қарсы, өйткені коммуникациялар талдардың тамырларына жақын орналасқан талдарды қазып алу техникасы негізінде жүргізілетін механикалық көшіру жұмыстары желілердің үзілуіне және көптеген коммуналдық апаттарға әкелуі мүмкін», – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Қолмен көшіруге келетін талдарды қазып алып, Азаттық даңғылы бойындағы көрші аумақтарға қайта егу көзделген. Жол құрылысы барысында мұндай тәжірибе бұған дейін сәтті жүзеге асырылды.Өткен жылы Әуезов айналма жолының жөндеу алаңында кесілуі тиіс ағаштардың ішінен 38 түп ағаш сәтті ауыстырылды.

«Келісімшарт негізінде, қосалқы мердігер – КДМС ЖШС ағаштарды ауыстыру мен жаңадан егу жұмыстарын жүргізеді және алдағы 2 жыл бойы баптап, өсуін қадағалайды.

Тапсырыс берушінің келісімі негізінде компания кесілген 1 талдың орнына ЖСҚда көрсетілгендей 5 тал емес, одан екі есе көп, яғни 10 түп талдан егуді шешті. Тапсырыс беруші абаттандырылатын аумақтарды белгіледі, С.Датов көшесі және Балықшы ықшам ауданындағы Байжігітов көшесі бойы абаттандырылады», – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз