Күзет күшейтілді: Құрманғазы шекарасынан снаряд табылды

img 20210821 wa0095 Жаңалықтар

«Оқиға 21 тамыз күні, жергілікті уақытпен 12 сағат 45 минутта тіркелген. Қазіргі уақытта снаряд табылған аумақта күзет күшейтілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Хабарлама Құрманғазы шекара бөлімінен келіп түсті. Яғни, «Сазды» шекара бөлімінен 103 шақырым қашықтықта снаряд қалдықтары табылған.

Оқиға бойынша «Сазды» шекара бөліміне жақын маңнан табылған қалдықтардың пайдаланылған авиациялық снаряд екендігі анықталды. Қазіргі уақытта снаряд табылған аймақта күзет күшейтілді, бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ» деп түсінік берді Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
бастығы, азаматтық қорғау майоры Т. Сансызбаев .

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз