Атыраудағы ауыз судың сапасы қандай?
Атыраудағы ауыз судың сапасы барлық талапқа сәйкес келеді. «Атырау су арнасы» КМК-ның бас технологы Жамиля Исағалиева мәлімдегендей, бүгінгі күнге Жайық өзені мен қалалық коллектордағы судың химиялық талдамасы қалыпты деңгейде.
–11 сәуірде Жайықтан алынған бастапқы судың лайлылық деңгейі 197 мг/л болды, норматив – 1500. Бастапқы судың түстілік деңгейі – 355 градус, ГОСТ бойынша норматив – 120. Бастапқы суда қалдық хлор жоқ, нормативте де тестіленбеді,- деді Жамиля Исағалиева.
Ал, қалалық коллектордегі тұтынылатын суға қатысты бас технолог келесідей ақпарат берді.
–Қалалық коллектордағы судың шығу сатысындағы лайлылық деңгейі 0,5 мг /л, түстілігі — 2 градус, қалдық хлор – 0,8. Ал, ауыз судағы нормативтер 0,5 — 1,5 МГ/Л, 2- ден – 20 градусқа дейін. Қалалық коллектордағы хлор деңгейі 0,8 болса, нормасы — 0,8-1-2 мг/л. Яғни, ауыз су барлық нормаларға сай келеді,-деп тұжырымдады Ж.Исағалиева
Қуандық ШӘКІРОВ