Атырауда жылыту маусымы аяқталды

14720462 1803669356546090 4798042886299002154 n Жаңалықтар

Аtr.kz/22 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласында 20-шы сәуірден бастап,  көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл,  ауа температурасының құбылмалы болуына орай  жылыту маусымы сәуірдің 20-на дейін ұзартылды. Енді, ауа температурасының жоғарылауына байланысты, қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру  тоқтатылды. Ал, пандемия кезінде үздіксіз науқас қабылдап жатқан медициналық ұйымдар әзірге жылу жүйесінен ажыратылмайды.

Мамандардың айтуынша, биыл облыс орталығындағы жылыту маусымы күрделі басталып, сәтті аяқталған. Өйткені, қаладағы тозығы жеткен бірқатар жылу жүйелері жаңартылды.  Сондай-ақ, Нұрсая ықшам ауданындағы №55 және №70 тұрғын үйлердің  аралығындағы 16 үйдің  құбыры алмастырылып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. 

– Жұмыс барысында бірқатар апатты жағдайлар да орын алып біраз әбігерге салғаны рас. Бастапқыда, жаңа жылу жүйесіне көшкен үйлерден арыз-шағымдар болды. Әйтсе де,  әр мекен-жайға бөлінген арнайы топ жылу жүйесін бақылауда ұстады. Нәтижесінде шағымдар да азайып, бәрі сәтті аяқталды, – дейді мамандар.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз